08 желтоқсан 2020 09:45

Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды

Өскемендегі "Жасөспірімдер үйінен" қашып кеткен қыздар кешкі уақытта табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендегі "Жасөспірімдер үйінен" қашып кеткен қыздар кешкі уақытта табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер жасөспірімдер үйінің екі тәрбиеленушісі - 2003 жылғы Арина Ананьева мен 2002 жылы туған Виктория Кабанованы екі күн бойы іздестірген. Екеуі де 5 желтоқсан кешке шығып кеткен. Оларды іздестірумен Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамы айналысты. 

Реклама
Реклама

"Бірінші Арина Ананьева, кейіннен Виктория Кабанова табылды. Бүгінде полицейлер жасөспірімдердің кіммен, қайда жүргенін анықтап жатыр", - дейді Өскеменнің Полиция басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Бұған дейін бұл жасөспірімдер үйіндегі тәрбиеленушілердің тәрбиешілеріне айтпай, байланысқа шықпай кетіп қалатын бірінші жағдай емес екені айтылған. Полиция мәліметінше, жыл басынан бері "Жасөспірімдер үйі" КММ-ден 25 тәрбиеленуші қашып кетіп, іздестіріліп, қайтарылған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram