21 желтоқсан 2021 17:47

Өскеменде кәсіпорындағы апат туралы хабарлама жұртты шошытты

Өскемен қаласының тұрғындарын титан-магний зауыты аумағында түсірілген қызғылт түтіннің видеосы шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен қаласының тұрғындарын титан-магний зауыты аумағында түсірілген қызғылт түтіннің видеосы шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті әлеуметтік желілерде Өскемендегі зауыттардың бірінің маңынан шыққан қызғылт түтіннің видеосы таралып жатыр. "Титан магний комбинатының цехында жарылыс болды, бетпердесіз шықпаңыздар, терезені ашпаңыздар" деп алаңдаушылығын білдірген тұрғындардың аудио жазбасы тарап жатыр.

Реклама
Реклама

Біраз уақыттан кейін кәсіпорында не болып жатқандығы туралы түсініктеме алдық.

"Зауыт аумағында апат болған жоқ, біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз", - деді қоршаған орта және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ринат Әміров.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті "ҰК ТМК" АО-дан кәсіпорында қандай да бір төтенше жағдай орын алғаны туралы арыз-шағым түспегенін хабарлады. ШҚО экология департаментінің мамандарынан түсініктеме алу мүмкін болмады. Алайда экология департаменті мен Қазгидромет қызметкерлері ауа сынамасын алу үшін оқиға орнына барғаны белгілі болды.

Осы уақытта қала тұрғындары ТМК цехының бірінде жарылыс болды деген ақпарат таратты. Айтуынша, компания қызметкерлері эвакуацияға дайындалып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram