Өскеменде көпқабатты үйге қасақана өрт қойылған

Өскеменде көпқабатты үйге қасақана өрт қойылған Фото:gov.kz

Облыс орталығындағы Қабанбай батыр көшесінде алты қабатты тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Облыс орталығындағы Қабанбай батыр көшесінде алты қабатты тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына құтқарушылар жедел жеткен.

"Өрт сөндірушілер келген бойда үшінші қабаттағы пәтерді қою қара түтін басқанын көрді. Ең алдымен олар автосатының көмегімен 15 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы құтқарды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

"34 адам эвакуацияланды, оның ішінде алтауы бала. 40 шаршы метрді шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауға 10 техника және жеке құрамнан 42 адам жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, біреу пәтерге қасақана өрт қойған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама