ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2020 | 11:18
Өскеменде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді
Өскеменде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскеменде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, коронавирусқа тапсырған сараптаманың қорытындысы 2 сәуірде шыққан. 1938 жылғы әйел 1 сәуірде қалалық №4 ауруханаға жеткізілген. Оған пневмония диагнозы қойылған еді.
Сондай-ақ, науқас әйелдің биыл Ресейге барып келгені анықталды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, орта деңгейде ауыр. Ведомстводағылар әйелмен байланыста болған барлық адамның анықталғанын айтты. 198 адам карантинге жатқызылған.
Қазіргі уақытта аурухана қоршауға алынды, онда қызметкерлер оқшауланып, ғимаратта эпидемиологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бұл ШҚО-дағы үшінші жағдай. Осыған дейін коронавирус ерлі-зайыптыдан анықталған еді. Олар Мысырдан келген болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также