ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2020 | 10:26
Өскеменде көшеге сәбимен жалаңаш шыққан әйелдің видеосы Желіде тарады
Өскеменде көшеде баламен жалаңаш жүрген әйелді куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды YK-news.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өскеменде көшеде баламен жалаңаш жүрген әйелді куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Әйел Гагарин бульварында адамдардың назарын аударған. Өзі киімсіз және қолында сәби бар. Сол уақытта қалада тек он градус жылы болған.
Кадрларда әйел жолдан өтіп, бағдаршамға тоқтап тұрған көліктерге барады. Басылымда жазылған ақпарат бойынша, жүргізушілердің бірі оған көлігіне отыруға рұқсат берген, бірақ салонға кіре сала, әйел айқайлап, көмекке шақыра бастаған.
Дауыстарды естіген адамдар оған барады. Біреуі полиция шақырды.
Назар аударыңыз! Әдепсіз сөздер бар
ШҚО ПД өкілдері қала тыныштығын бұзған әйел 1987 жылғы екенін хабарлады. Ал онымен алты айлық бала болған.
"Ол арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, онда білікті дәрігерлер не болғанын анықтап жатыр. Сәби ана мен бала орталығына апарылды, онымен бәрі жақсы", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі Әйгерім Нұрғазина.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также