23 қазан 2021 10:26

Өскеменде мұғалімдер демалыс күндері санақ жұмыстарына қатысуға мәжбүр болған - БАҚ

© altaynews.kz

Өскемен мұғалімдері демалыс күндері халық санағында интервьюер болуға мәжбүр. Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде жасырын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Altaynews сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазір әкімдік оқытушыларды демалыс күндері санақ жүгізуге мәжбүрлеп жатыр, оның үстіне тегін", - деп шағымданды мұғалімдер. 

Қалалық әкімдік өкілдері портал журналистерінен осы мәселе бойынша облыстың білім басқармасына хабарласуды сұраған. 

Реклама
Реклама

"Педагогтерді өзге жұмыстарға тарту "Педагог мәртебесі туралы" заңды бұзу болып саналады. Мұғалімдерді халық санағына тарту туралы бұйрық болған емес", - деп басылым ведомство жауабын келтірді.

Еске салайық, бұған дейін Семейде мұғалімдер сабақтан босатылып, көше сыпыруға жіберілгені белгілі болған. Бұл үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. БҒМ де оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram