Өскеменде пышақ жарақатын алған 16 жастағы қыз құтқарылды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Өскеменде пышақ жарақатын алған 16 жастағы қыз құтқарылды Фото:depositphotos.com

Өскеменде дәрігерлер шұғыл операция жасап, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 16 жастағы қызды құтқарып қалды. Оның ішкі ағзалары зақымданып, көп қан жоғалтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскеменде дәрігерлер шұғыл операция жасап, ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 16 жастағы қызды құтқарып қалды. Оның ішкі ағзалары зақымданып, көп қан жоғалтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер күрделі операция жасап, қыздың жағдайын тұрақтандырды.

"Науқас өте ауыр жағдайда, қан қысымы өте төмен күйде жеткізілді. Алғашқы тексеру кезінде оның құрсақ қуысы мен сол қолында жарақаттар анықталды. Шұғыл операция барысында құрсақ қуысынан шамамен үш литр қан табылды. Хирургтар жіңішке және жуан ішектің, шажырқайдың, сондай-ақ құрсақ арты кеңістігіндегі тамырлардың көптеген зақымдануын анықтады. Сонымен қатар омыртқа аймағында зақым тіркелді — бұл қатты соққының салдары", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының өкілдері.

Реклама
Реклама

Операцияны №1 хирургия бөлімінің дәрігері Қуаныш Жүнісов хирургтар тобының, сондай-ақ анестезиологтар мен трансфузиологтардың қатысуымен жасады.

"Пышақ жарақаты қатты күшпен салынғаны соншалық, омыртқада із қалдырған. Операция 3,5 сағатқа созылды. Дәрігерлер қан кетуді тоқтатып, зақымдалған ағзаларды тігіп, көлемді трансфузиялық терапия жүргізді", - деді хирург Қуаныш Жүнісов.

Операциядан кейін науқастың жағдайы тұрақтанды. Әрі қарай ем алу үшін ол Ана мен бала орталығына ауыстырылды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті оқиға 7 ақпанда болғанын хабарлады.

"Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған қыздың денсаулығына ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккен қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама