Өскеменде жолақы құнын талқылаған депутаттар төбелесе жаздады

?скеменде ?о?амды? к?ліктерді? жола?ы ??нын тал?ылау барысында депутаттар т?белесе жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскеменде қоғамдық көліктердің жолақы құнын талқылау барысында депутаттар төбелесе жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін өңірлік халық таңдаулылары қоғамдық көлікпен жүру құнын 75 теңгеден 90 теңгеге дейін өсіру туралы шешім шығарды. Жаңа тариф келесі айдан бастап енгізіледі. Осы шешімді депутаттар жеті ай бойы талқылапты. Сөйтсек, бұл мәселені депутаттар қызу талқылаған көрінеді.

"Төбелес те бола жаздады, пікірталас өте қызу өтті. Қарсыластар жеке басқа өтіп, көзқарасын қорғамақшы болды", - деді қалалық мәслихаттың депутаты Станислав Каримов.

Реклама
Реклама

Ортақ шешімге келу азаматтардың белгілі бір категориясына жеңілдік қарастырылатыны ескерілгеннен кейін ғана мүмкін болыпты. Мәселен, зейнеткерлер 50 теңге, ал мектеп оқушылары 45 теңгемен жүреді. Студенттер жол жүру билетін 50 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады. Сондай-ақ, зауыт жұмысшыларына билет құны бірте-бірте өседі.

Жалпы алғанда, автотасымалдаушылардың есебіне қарағанда, барлық шығынды жабатын және автопарктерге дамуға мүмкіндік беретін тиімді тариф 176 теңге болуы керек екен.

Айта кетейік, Астанада қоғамдық көлікпен жүру құны 90 теңге, ал Павлодар мен Алматыда 80 теңге.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама