Өскеменге жаңа әкім тағайындалды

© Tengrinews.kz

Бүгін ШҚО басшысы Даниал Ахметов қала депутаттары мен активіне Ерлан Аймұқашевті қала әкімі ретінде таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

46 жастағы Аймұқашев Павлодардың тумасы, бірінші білімі бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, екінші мамандығы - экономист-менеджер, көп жылдар бойы Ахметовтың командасында жұмыс істеген. Нақтырақ айтқанда, Ахметов премьер-министр болғанда Аймұқашев көмекшісі болды, ал Мәскеудегі жұмысында жетекші хатшы болды. Соңғы жылы облыс әкімінің аппаратын басқарды.

"Ерлан Қапарұлында қала әкімі қызметіне тағайындалуға жеткілікті тәжірибесі мен білімі бар деп есептеймін", - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Реклама
Реклама

"Артылған сенімдеріңізге алғыс айтамын, қала игілігі үшін белсенді жұмыс істеймін деп уәде беремін", - деді Ерлан Аймұқашев.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама