Осы күндері ары кетсе 3-4 сағат ұйықтаймын - Назарбаев жұмыс кестесі жайлы

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы ты?ыз ж?мыс кестесі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы тығыз жұмыс кестесі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен қызмет үстінде жүрмін, бұл менің жұмысым, сондықтан да жұмыстан, жауапкершіліктен шаршамаймын. Бұл халқымның, елімнің алдындағы жауапкершілік. Өзге елдерге барғанда басқа уақыт белбеуіне өту өз алдына. Бір байқағаным, батысқа барғанша, шығысқа бару оңайырақ. Әрине, шаршап, ұйқы қанбайды. Осы күндері ары кетсе 3-4 сағат қана ұйықтап жүрмін. Ерте жатсам да, ұйқы жоқ. Бұл бір жағынан жақсы да шығар - бейімделудің қажеті болмайды, өз уақытымызды қаламыз. Ми үнемі жұмыс істеп тұрады, күрделі келіссөздер жүргізу керек, оның нәтижелі болып аяқталуы маңызды. (...) Әлем ісіне, ядролық қарудан бас тарту ісіне адал болуымыздың арқасында көптеген елдің құрметіне ие болдық, сондықтан шаршамаймын", - деді Мемлекет басшысы Сеул қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифингте.

Оған қойылған сұрақтың мәні Президенттің екі бірдей сапарды қалай жасайтыны, осындай тығыз жұмыс кестесіне қалай шыдайтыны жайында еді.

Реклама
Реклама

Ол Президент әрдайым сергек болуы керек деп есептейді. 

"Командир ақбозатымен әрдайым алда әрі сау жүруі керек, президенттің жұмысы осындай, жұмысқа өзіңді арнауың керек, бар уақытыңды, денсаулығыңды арнайсың, жұмыстан тыс уақытта да. Осылай ғана тапсырылған міндеттерді орындай аламын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сырқаттанып қалған кезінде қолдау білдіргендерге алғыс айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news11
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама