10 желтоқсан 2021 10:25

Осыдан 30 жыл бұрын Қазақ КСР атауы Қазақстан болып өзгерді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі мындай қаулы шығарды:

"Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі анықтау, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы қағидаттарына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық әралуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысын негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп қайта атау".

Реклама
Реклама

Заңға Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Сол күні халық сайлаған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

Назарбаев "Тәуелсіздік сабақтары" атты мақаласында сол күндердің оқиғаларын жазды. Нұрсұлтан Назарбаевтың толық мақаласын мына жерден оқи аласыздар.

Сонымен қатар, 1997 жылы 10 желтоқсанда астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі ресми түрде жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram