11 наурыз 2020 14:53

Отандық мұнайдың өзіндік құны аталды

© REUTERS

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанда мұнайдың өзіндік құны қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанда мұнайдың өзіндік құны қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, отандық мұнайдың өзіндік бағасы барреліне 10-65 долларға жетеді.

Реклама
Реклама

"Кен орындарында қыртыстарды дайындау әдістері әртүрлі. Әр кен орнында әртүрлі әдіс қолданылады. Өзіндік құны 20 доллар болатын немесе 50 доллар болатын кен орындары бар. 65 доллар болатыны да бар. Барлығын бірдей санау дұрыс емес. Мысалы, Қашағанда мұнайдің өзіндік құны 10 долларға дейін барады", - деді Ноғаев.

Сондай-ақ, министр мұнай барреліне 50-60 доллар тұратын кен орындарында өндірістің тоқтатылатынын айтты.

"Естеріңізде болса, 1998 жылы бізде мұнай барреліне 8,5 доллар тұрды. Барлығы біздің қолымызда, барлығын оңтайландыруға болады. Қажетті шараларды қабылдаймыз", - деді Ноғаев.

Brent маркалы мұнай әлі де қымбаттап жатыр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram