ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2021 | 16:32
"Отбасы банк" басшысы баспана бағасына қатысты болжамы неге орындалмағанын түсіндірді
"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы баспана бағасын тұрақтандыру және арзандату туралы болжамы неге орындалмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы баспана бағасын тұрақтандыру және арзандату туралы болжамы неге орындалмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер әлемдік үрдістерді қарайтын болсақ, жылжымайтын мүлік бағасы бүкіл әлемде өсіп жатыр. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығына Halyk Research зерттеу жүргізді, зерттеуде Батыс Еуропа, Канада мен АҚШ-та жылжымайтын мүлік бағасының айтарлықтай өскенін көрсетті.
Жылжымайтын мүлік бағасының өсуіндегі зейнетақы жинағының үлесі төрттен бір ғана", - деді Ибрагимова ОКҚ брифингінде журналистердің сұрағына.
Оның айтуынша, бағаның өсуіне инфляция, азық-түлік және басқа да тауарлардың қымбаттауы әсер етті.
"Сонымен қатар, құрылысшылардың ақысы, құрылыс материалдары да, атап айтсақ, бетон, арматура т.б. бағасы айтарлықтай өсті. Краншылардың жалақысы да көтеріліп, құрылыс монтажымен айналысатындарға сұраныс артты. Сондықтан БЖЗҚ ғана бағаның өсуіне әсер етті деп айтуға болмайды", - деді Ибрагимова.
Алайда ол өсу қарқыны төмендейтінін айтты.
"10 пайыздық өсім жоқ. Өйткені зейнетақы жинақтарын негізгі пайдалану 1 сәуірде аяқталады. Қазірдің өзінде келіп түскен өтініштердің барлығы депозиттерді толықтыру және ипотекалық несиені өтеу туралы өтініштер, бірақ тұрғын үйді толық сатып алуға түскен өтінімдер өте аз.
Сонымен қатар, Қазақстанның демографиялық жағдайына қарасақ, соңғы жылдары бала туу көрсеткіші артқанын байқаймыз. Жыл сайын 400 мыңнан аса бала дүниеге келіп, 60 мыңнан аса жаңа неке тіркеледі. Бұл факторлар сұранысқа қатты әсер етеді. Нарықтағы ұсыныс көптігіне байланысты қазір шамамен 15 миллион шаршы метр салып жатырмыз. Менің ойымша, жақында өсу қарқыны төмендейді", - деді Ибрагимова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также