30 наурыз 2022 12:55

"Отбасы банк" депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

"Отбасы банк" депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Отбасы банк" депозиттерді сату-сатып алу бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың 31 наурызы мен 8 сәуірі аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. 2022 жылдың 31 наурызына дейін сатуға қойылған депозиттер 7 жұмыс күні ішінде 2022 жылдың 8 сәуіріне дейін шарттарды өзгертпей жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" наурыздың соңғы күндерінде клиенттер легі көп болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Себебі, 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын алу үшін ең төменгі жеткілікті шек көтеріледі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram