ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 ақпан 2021 17:34
"Отбасы банк": Зейнетақы жинағы қаражаты түскенде SMS-хабарлама келеді
Енді зейнетақы жинағының қаражаты түскенде, SMS-хабарлама келеді. Бұл туралы "Отбасы банктің" баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сіздерге ыңғайлы болуы үшін, БЖЗҚ қаражатының сіздің арнайы шотыңызға түскені туралы SMS-хат арқылы хабарлау тетігін қостық. Банктен SMS-ті күтіңіз және SMS-ті алғаннан кейін ғана www.enpf-otbasy.kz платформасына растау құжаттарын жүктеуге кірісіңіз", - делінген хабарламада.
SMS мәтіні мынадай: "Құттықтаймыз! БЗТ Сіздің арнайы шотыңызға түсті. Құжаттарды www.enpf-otbasy.kz жүктеңіз".
Банк қызметкерлері онлайн-платформаға жүктелетін барлық құжат сапалы және PDF форматында сақталуы керек екенін еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу