"Отбасылық бизнес". Түркістанда 70 пәтерді тонаған ҰҚТ ұсталды

Фото: Pixabay.com

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері Шымкентте ұйымдастырылған қылмыстық топты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері Шымкентте ұйымдастырылған қылмыстық топты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҰҚТ облыстың Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарындағы 70 пәтерді тонаған. Күдіктілер бір отбасы мүшелері болып шыққан. 

Полиция қылмыскерлерді ломбардқа өткізілген тауарлар арқылы тапқан.

Реклама
Реклама

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижелері барысында бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған 26 жастағы ер адам полицияның назарына іліккен. Тексеру нәтижесінде ол өзінің таныстары мен туыстарынан топ құрғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, әр қылмысты жасауға мұқият дайындалып, үй иелерінің күн тәртібін зерттеген. Ұрлық жасап болған соң сезіктіні күйеу баласы көлігімен бірден алып кетіп отырған. Әрі қарай ұйымдастырушының анасы мен жұбайы ұрланған әшекей бұйымдарды пұлдап, түскен пайдасын өзара бөліскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама