TSO_Story_2_kaz
Әкемнің арманы еді
Отбасылық құндылық ақтөбелік кәсіпкерге бизнесті дамытуға қалай көмектесті?
RU
KZ
Ботагөз Тайбөкенова шағын қалада жаңа кәсіпті игеріп, өзі тұтынушыларды тауып, алты жыл ішінде шағын кәсіпкерден ірі мердігерге дейін жетті.
Осылайша Ботагөз отбасылық кәсіпті дөңгелетіп, халықаралық нарыққа шыға білді. Tengrinews.kz "Жетістік хикаясы" жобасы аясында қиын кезеңдерде отбасылық кәсіпті сақтап қана қоймай, ірі тапсырыс берушімен ұзақ мерзімді келісімшарт жасай білген әйел туралы баяндайды.
Ботагөз Тайбөкенова Ақтөбе облысы Алға моноқаласындағы көпбалалы отбасыда өмірге келген. Ең кенже Ботагөзге басшылық қасиет әкесінен дарыған. Ол өзі педагог бола тұра қызын үнемі бірінші болуға баулыды. Ал анасынан мейірім мен еңбекқорлық қасиеттер қалған. Ботагөз анасынан 20 жасында айырылып қалды. Әпкелері мен бес ағасы Ботагөзді қамқорлығына алып, қолдау білдірген.

Ботагөз "Тауартану" мамандығы бойынша Кооператив техникумын және "Сауда экономикасы" бағыты бойынша Қарағанды кооператив институтын бітірген. Артынша менеджмент, маркетинг, сату саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сондай-ақ Kaizen жапондық бизнес-философиясының әдістемесі мен қағидасын меңгерді.

Ботагөз біраз жыл сауда саласында жұмыс істеген, кейіннен телекоммуникация саласында қызмет етіп, Қазақстанда интернетті енгізудің бастауында болды, ал артынша бизнес саласына бет бұрды. Ол бар тәжірибесін әрбір бастаған ісінде қолдана білді. Осылайша алты жыл бұрын оның бастамасымен FIBC Kazakhstan (Flexible Intermediate Bulk Container) компаниясы құрылды.
Өндіріс саласы мен жеке кәсіп мен үшін үнемі қызық болатын. FIBC Kazakhstan - Қазақстанның қазіргі нарығына барынша үйлесімді түрде араласуға ұмтылатын жас, жігерлі компания. Қазіргі уақытта біз жұмсақ контейнерлердің (биг-бэг - үлкен қаптар), вагон төсемдерінің, полипропилен матадан жасалған шатырлардың жаппай өндірісін жолға қойдық және жақында мультифиламентті жіп таспасын шығаруды қолға алдық. Компания өндіретін бір полипропилен биг-бэг екі тоннаға дейін жүк көтере алады.
FIBC Kazakhstan – Ақтөбедегі отбасылық кәсіп.
Компаниядағы барлық негізгі лауазымды Тайбукеновтар әулетінің мүшелері атқарады. Ал кәсіпорнын ашу туралы ой Ботагөздің туыс інісі Қайратқа келген. Оның компаниясына әк қаптары қажет болды, ендеше биг-бэгтерді неге өздері шығармасқа?
Біздің отбасымыз тату. Әкемнің туғанына 100 жыл толуына орай біз үшін үлкен және маңызды іс-шара ұйымдастырған кезде, біз ортақ істер мен ойларды біріктіре алатынымызды білдік және сол сәтте біз сондай тату болғандықтан бизнесті де бірігіп көтере аламыз деп шештік.
Бүгінде кәсіпорнында Тайбөкеновтердің екінші ұрпағы қызмет атқарып жатыр.
Бастапқыда екі "машинкамен" өзіміз тігетінбіз. Бүгінде кәсіпорында 37 тігін құрылғысы бар. Сіз бен біз көріп жүрген қарапайым тігін "машинкалары" емес, арнайы құрылғылар. Біреуінің бағасы бір көліктің құнымен пара-пар. Бастапқыда ғимаратты жалға алып жұмыс істеп, тұтынушылар базасын жинадық, барлық сауда және тендерлік алаңға тіркелдік. Бұл жерде тәжірибеміз бен білімімізді қолдандық. Кейіннен 2016 жылы біз индустриялдық аймаққа шақырту алдық. Бізге инфрақұрылымы бар жер учаскесі 49 жылға жалға беріліп, цехтар мен әкімшілік-тұрмыстық кешен салдық. 600 миллион теңгедей инвестиция болды.
(Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы - авт.,)
Ботагөз алғашқы кезде болған қиындықтарды еске алды.
Жер жалға берілгендіктен банктер жылжымайтын мүлікке несие берген жоқ, ал жаңа тұтынушылар табу қиындай түскен, тіпті жабдықты баптау бойынша білікті мамандар табу да қиынға соққан.
Бірақ біз өнімдерімізді көптеген тұтынушылар мойындайтын жағдайға жеттік. Табыс кілті – тоқтамай жұмыс істеу, алға жылжып, дамуда. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бізде барлық өнімнің СТ KZ сертификаты бар. Біздің компаниямыз ҚР СТ ISO 9001-2016 "сапа менеджменті жүйесі", ҚР СТ ISO 45001-2019 "еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті жүйелері" сертификатын сәтті қорғады.
(Қазақстан Республикасы тауар шығарылған ел екенін куәландыратын құжат-еск.,)
Тайбөкеновтердің кәсібі өрлей бастаған сайын қызметкерлер саны да көбейе бастады – әуел баста 12 адам жұмыс істесе, бүгінде ұжымда 50 адам бар.
Ботагөз Тайбукенованың қызметі күн сайын адамдармен байланысты және ол басшы ретінде ұжыммен жақсы қарым-қатынас жасаудың құпиясын ашты.
Еңбек ету үшін қолайлы жағдай жасау, тұрақты жалақы - мамандарды ұстап қалудың негізгі принциптері. Қызметкерлер еңбегіне қарай лайық жалақыны нақты бір күні алатынын біледі. Бүгінде көп адамның басында несиесі бары жасырын емес және олар ертеңгі күніне сенімді болуы керек. Одан бөлек, әрине, түрлі ұжымдық тимбилдинг пен ынталандыру да бар. Егерде ұжымда әйелдер көп болса, олар ұжыммен жақсы араласып кетеді. Себебі отбасындағы әйел - көшбасшы және үйдің шаруасын өз мойнына алады. Ал кәсіпорнымда менің ұжымым - ол менің отбасым және барлық отбасылық құндылық сақтала білген. Мен үшін қамқорлық, достық, тәлімгерлік, еңбекқорлық пен тәртіп сияқты барлық отбасылық құндылықтарды жұмыс жағдайына, бизнеске көшіру маңызды болды. Әкемнің арманы еді.
Бүгінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына шығаруға мүмкіндік береді
  • 50 000 дана
    вагон лайнерін
  • 300 000 дана
    биг-бэг
  • 50 000 дана
    қалқа (шатыр)
Қоршаған ортаға қауіп төндіретін сусымалы материалдарды тасымалдау кезінде экологиялық талаптарға сәйкес биг-бэгтер мен вагон төсеніштерін пайдалану міндетті. Бұл лайнерлерде күкірт Теңіз кен орнынан кесек және түйіршікті түрде тасымалданады. Күкірт - ылғалды жағдайда тотығатын, ультракүлгін сәулелерге әрекеттесетін, күйіп, түтіндей алатын үгінді материал. Сондықтан, Ботагөздің экологиялық таза лайнерлері күкіртті қауіпсіз тасымалдаудың ең жақсы шешімі болып шықты.
Біз "Теңізшевройл" вагон төсемінің техникалық сипаттамасын ұзақ уақыт зерттедік. Бұл оңай болған жоқ! Бір апта бойы біз біресе тігіп, біресе сөгіп, қайтадан тіктік. Бірақ біз тапсырманы орындай алдық! Қазір еңбек өнімділігі күтілген нәтижеден жүздеген есе жоғары.
Жетістік хикаясы подкаст түрінде қолжетімді
"Әкемнің арманы еді. Ақтөбеліктерге бизнесті жолға қоюға отбасылық құндылықтардың ықпалы"
Ірі компаниялармен келісімшарт жасау үшін Ботагөз барлық тендерлік алаңға тіркелген.
Қандай да бір нәтижеге қол жеткізу үшін. Екі жылдан кейін ірі жеткізушімен келісімшартқа қол жеткізген.
Алдымен бізге аккредитациядан өту үшін NСОС комиссиясы келді, артынша "Теңізшевройлдан" келді. NСОС мамандарына біздің өнім қатты ұнады, бірақ біздің бағамыз бәсекеге қабілетсіз болды. Артынша "Теңізшевройлдан" үлкен комиссия келді: мамандар өндіріс процесін, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғауды мұқият зерттеді. Көптен күткен сәт болды. Тіпті ол күн әлі есімде: 2018 жылдың 15 қаңтарында қол қою үшін келісімшарт келді. Көп адам: "Қалай? Нарықта небәрі екі жыл болып келісімшартқа қалай қол жеткіздіңдер?" деп сұрады. Мен компания адал жұмыс істесе ғана осындай нәтижеге қол жеткізуге болатынын айттым. Алдымен біліктіліктен, аккредитациядан, содан кейін барлық тексеруден өтіп, кез келген өзін-өзі құрметтейтін компания талап ететіндей бизнесіңізді құруыңыз керек.
Осылайша компания үшін дамудың жаңа кезеңі басталды.
Сапа мен өнімді жақсарту бойынша ТШО мамандарымен тұрақты жұмыс FIBC Kazakhstan-ға тауарлар мен қызметтер нарығында имиджді оңтайландыруға мүмкіндік берді. Ботагөздің өзі де дамуын тоқтатпады. Ол ТШО мен ЕҚДБ-дан мұнай-газ секторындағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жеткізу тізбегін басқару бойынша тренингтен (Supply Chain Management) өтті. Ал бүгінде оның компаниясы Қазақстанда ғана емес, көршілес Ресейде де жауапты сапалы өнім жеткізушісі ретінде танымал. Жалпы, қазақстандық өндірістің биг-бэг тұтынушылардың өнімдері Қытай, Бразилия және басқа да шет елдерге жеткізіліп тұрады.
Теңізшевройлмен серіктестік бізді тәртіпті жеткізуші болуға міндеттеді. Біз өнім сапасы, уақытында жеткізу, денсаулық пен қауіпсіздік бойынша ТШО-ның барлық талабын орындауға тырысамыз. Осы компанияның арқасында біз шағын бизнеске қажет тұрақтылыққа қол жеткіздік. Бастапқыда тапсырыстар көп болмады. Бірақ биыл ол бірнеше есеге өсті. Бұл өндірілген өнімнің сапасы біздің тұтынушымызды қанағаттандырып отырғанын көрсетеді.
Ботагөздің айтуынша кез келген компанияның табысты болуы, не үшін жұмыс істеп жатқанын түсіне білетін ұжымға байланысты. Бірақ басы-қасында, әрине, көшбасшы болуы керек. Көшбасшы - сіз артынан еріп жүргіңіз келетін адам.
Меніңше, мықты басшы – берген уәдесінде тұратын адам. Ол қандай да бір шешім қабылдар алдында қызметкерлерімен кеңесе білетін адам. Мен үшін адамгершілік маңызды, бірақ, сонымен қатар, қызметкерлерге қатаң бола білу де маңызды. Әділ бола тұрып ынталандыру қажет. Менің қызметкерлерім әркім өзінің жұмыс орны үшін жауапты екенін және тұтастай алғанда компанияның жетістігі өздеріне байланысты екенін біледі. Уақытында түзету шараларын қабылдау қажет. Сондай-ақ әрқашан не күтіп тұрғанын болжап, барлық күтілетін тәуекелді ойлай жүріңіз.
Ал тәуекел жағдайлар болып тұрады.Кейде күтпеген жерде болады.
Мысалы пандемия кезінде компанияның сатылымы күрт төмендеп кетті және қызметкерлерді ақысыз демалысқа жіберуге тура келді.
Әрине, өкінішке қарай, ондай жайттар кез келгеннің басында болады. Пандемия кезінде сатылым төмендеп кетті. Шикізат бағасы өзгереді, бірден түпкілікті өнімнің өсуі және сатуды шектеу болды. Биыл жазда минуспен жұмыс істеуге тура келді, бірақ түзеліп келе жатырмыз. Адамдар саған үміт артып тұрғанын білгенде, әр отбасында несие барын білгенде еңсеңді түсірмей, дұрыс шешім қабылдай білуіңе септігін тигізеді. Үнемі айтарым: өлімнен басқасын шешуге болады.
Бизнесвумен енді бастап жатқан кез келген кәсіпкер ірі кәсіпкер атануы керегіне сенімді.
Бастысы қанша қиындық болса да орта жолда бәрін тастап кетпеу керек.
Ларри Эллинсонның (Oracle-дың негізін қалаушылардың бірі) сөзін келтіре кетейін: "Өзіңізбен жүйелі түрде жұмыс істей білсеңіз бизнесте жетістікке жетеріңіз сөзсіз. Білім мен тәжірибе жинау аздық етеді, ішкі көңіл-күйді реттеп, оны оң бағытта ұстап және жеке мақсатқа барынша қайтару маңызды. Сол кезде бизнес жұрт айтқандай қиын емес екенін түсінуге болады.
Ботагөз жұмыста да, күнделікті өмірде де ұстанымдарын сақтайды және ол көп жағынан көмектеседі. Ол үш бала тәрбиелеп отырған ана және үш немеренің әжесі.
Маңызды ұстаным – уәдеңде тұру немесе егер күмәндансаң уәде бермеу. Отбасын құрметтеу және бағалау, отбасылық құндылықты қастерлеу керек. Әр күніңді бақылап, компаниядағы қаржының қайда жұмсалатынын жоспарлау. Өмірде болып жататын қиын сәттерде қызметкерлерге қол ұшын созу. Білім, тәжірибе, өзіндік инстинкт, әріптестерімнің айтуынша, бизнесті аздаған бірақ нақты қадамдармен алға тартуда көмектеседі.
2019 жылы облыстық байқауда кәсіпорынның өнімдері "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" номинациясы бойынша үздік деп танылды.
Бүгінде FIBC Kazakhstan индустриялық-инновациялық аймақ аумағындағы жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейтіп, жаңғыртып отыр.
Бірлескен арнайы жоба
Бизнес-мектеп
"Ірі мұнай-газ саласына қамтушы болудың жолы қандай?"

https://tilda.cc/page/?pageid=33581430&projectid=103731

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети