26 шілде 2024 | 15:35

Отбасыны күштеп үйден шығару оқиғасы: сот ескерту жасады

видео кадры

Астанада сот отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалды қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада сот отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалды қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, отбасылық жанжал кезінде әйел бұрынғы күйеуінің атына балағат сөздер айтқан. Әңгіме Шымкенттің экс-әкімінің ағасының отбасына қатысты резонанс тудырған видео туралы болып отыр. Кадрларда ер адам әйелді күштеп үйден шығармақ болғаны көрінеді.

"Сотта ол өз кінәсін мойындамады. Ол бұрынғы жұбайын балағат сөзбен қорламағанын, тек әдепсіз сөздер түріндегі етістікті қолданғанын түсіндірді. Бұл ретте бұрынғы жұбайы үйге заңсыз кіріп, оны осы жағдайға арандатқан", - делінген сот хабарламасында.

Реклама
Реклама

Құқық бұзушылық үшін жаза 5 тәулікке қамауға алу немесе ескерту беруді көздейді. Айыпталушының жас балалары болғандықтан және қамауға алынбайтын адамдар санатына жататындықтан, сот оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная