ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 06 тамыз 2020 11:54
Өткен тәулікте 1530 адамнан коронавирус белгісі бар пневмония анықталды
Өткен тәулікте Қазақстанда 1530 науқастан коронавирус белгісі бар пневмония анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, өткен тәулікте 1530 науқастан СOVID-19 белгісі бар пневмония анықталған. Оларда ПТР теріс нәтиже көрсеткен. Пневмониядан 16 адам қайтыс болған.
Елімізде тағы 1060 адам COVID-19 жұқтырды
Айта кетейік, Қазақстанда 1 тамыздан бері 9 584 науқас коронавирус белгісі бар пневмониямен ауырғаны белгілі болды. 102 адам аурудан қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу