ПОДЕЛИТЬСЯ
15 шілде 2021 | 08:41
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 314 жағдайы тіркелді
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 14 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 14 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ВАК мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 314 жағдайы тіркелді
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472 106-ға жетті.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 1576,
- Алматы қаласында - 850,
- Шымкент қаласында – 416,
- Ақмола облысында – 160,
- Ақтөбе облысында - 204,
- Алматы облысында - 144,
- Атырау облысында - 299,
- Шығыс Қазақстан облысында - 79,
- Жамбыл облысында - 71,
- Батыс Қазақстан облысында - 234,
- Қарағанды облысында - 603,
- Қостанай облысында - 104,
- Қызылорда облысында - 84,
- Маңғыстау облысында - 189,
- Павлодар облысында - 156,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 86,
- Түркістан облысында - 59.
Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 756 адам жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 1194,
- Алматы қаласында - 457,
- Шымкент қаласында - 62,
- Ақмола облысында - 46,
- Ақтөбе облысында - 55,
- Алматы облысында - 53,
- Атырау облысында - 161,
- Шығыс Қазақстан облысында - 81,
- Жамбыл облысында – 31,
- Батыс Қазақстан облысында - 48,
- Қарағанды облысында - 166,
- Қостанай облысында - 45,
- Қызылорда облысында - 24,
- Маңғыстау облысында - 167,
- Павлодар облысында - 58,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 58,
- Түркістан облысында - 50.
Елімізде барлығы 420 984 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 14 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 705 675 адам, 2-ші компонентін 2 597 505 адам салдырды.
Сонымен қатар, ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 15 шілдедегі ақпаратты жариялады.
"15 шілдедегі мәлімет бойынша 47 828 адам коронавирус инфекциясынан (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
- 15 280 пациент стационарда,
- 32 548 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.
Ал КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 919 адамның жағдайы ауыр,
- 212 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 126 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также