Өткен жылы бала тууына байланысты төленетін бірреттік жәрдемақыны 438 мыңнан аса адам алды

© stihi.ru

?ткен жылы 438 мы?нан аса азамат бала туылуына байланысты т?ленетін бір реттік ж?рдема?ы алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?Р Денсаулы? са?тау ж?не ?леуметтік даму министрлігіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Өткен жылы 438 мыңнан аса азамат бала туылуына байланысты төленетін бір реттік жәрдемақы алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" заңға сәйкес 2016 жылы 438,1 мың азаматқа бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақы беріліп, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 32,3 миллиард теңге жұмсалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгені болса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теңге төленеді.

Реклама
Реклама

2017 жылы бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 32,4 миллиард теңге қарастырылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама