10 сәуір 2024 | 13:26

"Өтінемін, ешкімге айтпа". Бишімбаевтың сотында Салтанат жазған хаттар оқылды

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединаға жазған хаттары оқылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединаға жазған хаттары оқылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот басталысымен Нүкенова мен оның жақын құрбысы Аида Ахмединаның WhatsApp желісіндегі хаттары оқылды. Айыптаушы тарап 19 сәуірдегі сағат 20:09-дағы хаттарға назар аударды.

"Нүкенова: "Ол мені жай жібере қоюы екіталай. Менде соққыға жығылған суретім бар, Айтымда да (Салтанаттың ағасы – еск.) бар. Онда түр жоқ".

Ахмедина: "Не деп тұрсың, қашан болған?"

Нүкенова: "Айтымның келетінін білмедім. Ол келіп, екеуі төбелес шағырды. Айтым полиция шақырды".

Ахмедин: "Айттымды ұрып тастаған жоқ па?"

Нүкенова: "Ол мені жібермеймін дейді, менің отбасымда соққыға жығылған суреттерім бар және оны Желіге жариялаймыз деп қорқытып, одан ақша бопсалайды-мыс. Ол жалаңаш видео түсіруімді сұрады, өзін ешкім бопсаламайтыны туралы кепіл болуы үшін. Білесің бе, мен оған: "Сен құбыжықсың" дедім. Бірақ мені видеосыз жібермейтінін білдім".

Ахмедина: "Түсірдің бе?"

Нүкенова: "Иә, одан кету үшін. Басқа амалым болмады".

Ахмедина: "Бұл не болды сонда?"

Нүкенова: "Тіпті білмеймін. Шаршадым, одан басқа ешкіммен араласпаймын".

Ахмедина: "Иә, сол ғана ұстап тұр".

Нүкенова: "Иә, ол әр қадам, әрбір хабарлама, әрбір қоңырауды бақылайды. Мен артық телефон қарамаймын, өшіруді ұмытып кетемін бе деп қорқамын. Тіпті қарапайым нәрсе де, ол ешқандай себепсіз ашуланып кетеді. Айқай, жамандау, қорлау. Мен шаршадым, жанжал болмас үшін үнемі үндемей, сылтау айтамын. Менің жүйкем шыдамайды, бәрі ол ашуланбаса болды деп. Иә, ол көзсіз сүйеді. Бұл махаббат емес. Мен қазір осыны зерттеп жатырмын, сол үшін Павлодарға қашып кеттім. Жалпы, жағдайым осы. Ары қарай не болатынын білмеймін. Кейде оған жаным ашиды, осы аяушылықпен ғана жүрдім. Сосын келген соң Павлодарға кел. Бұл желтоқсанда немесе қаңтарда, Алматыда екінші рет болды, сол кезде заттарымды алып кеткім келіп, Маринаға жаздым. Ол шашымды жұлды. Бұлай бірнеше рет болды. Ол бірнеше рет шашымнан ұстап, айқайлады. Шашым уыстап түсті. Сосын қойды. Мен кете берегесін, ол қол көтеруді тоқтатты. Психологпен жұмыс та көмектескенді-міс. Осы оқиғалардан кейін мен біреуге бірдеңе жазуға, ол туралы немесе біздің қарым-қатынасымыз туралы сөйлесуге қорқамын. Аида, анама, Аселкаға да айтпа, әсіресе қыздарға. Өтінемін, ешкімге".

Ахмедина: "Жарайды, сөз берем", - делінген хат сотта оқылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная