02 сәуір 2021 | 21:20

Ойқы-шойқы жол үшін 200-ге жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Видео кадры

Жамбыл облысында жол сапасы нашар болғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында жол сапасы нашар болғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жол-көлік оқиғалары көбіне жүргізушілердің кінәсінен болғанымен, апат деңгейін төмендету үшін жолдардың сапасын жақсарту қажет.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың 12 айында облыстың автомобиль жолдарына 1711 тексеру жұмыстарын жүргізді. Облыстағы жолдардың нашар болғаны үшін 195 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды", - деді ведомство басшысы.

Реклама
Реклама

Сүлейменовтің айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде облыстың автожолдарында 8 мыңнан аса жол белгілері орнатылып, әртүрлі техникалық бұзушылық жойылған. Осы жылдың 3 айында жүргізілген 493 зерттеудің қорытындысы бойынша 46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная