07 қыркүйек 2022 16:10

"Өзі келуді ұйғарды". Қостанайлық тұрғын Тоқаевпен әңгімесі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Tengrinews.kz тілшілері жуырда Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз мәселесін айтқан Руслан Шарафутдиновпен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшілері жуырда Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз мәселесін айтқан Руслан Шарафутдиновпен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын білді.

Видео екі күн бұрын желіде тараған болатын. Қостанай тұрғыны өрттен зардап шеккен Аманқарағай ауылына ел Президентін көремін деген үмітпен және түйткілді баспана мәселесін шешуге көмек сұрап барған.

Реклама
Реклама

"Жаңалықтарда Мемлекет басшысы Қостанай облысына келуді жоспарлап отырғанын айтты, мен оның өрттен зардап шеккен Аманқарағай ауылына келетінін түсіндім, жолым болып мен де бардым. Мен дереу зардап шеккендерге көмек көрсету пункті орналасқан жерге келдім, дәл осы сәтте Президент сонда болды", - дейді Руслан Шарафутдинов.

"Алғашында ол жерге кіргізбеді, күзетшілер аумақты қоршауға алды. Президент штабтан шығып бара жатқанда, менен 20 метрдей жерде тұрды. Мен жай ғана айқайладым: "Көмектесіңізші, Қасым-Жомарт Кемелұлы!" Сосын ол өзі келуді ұйғарды. Қалғаны видеода бар", - деп еске алады Руслан Шарафутдинов.

Ол кезде ер адам оған назар аударады деп күтпеген.

"Мен Президенттің адамдармен сөйлесіп жатқан бірнеше видеосын көргенмін. Менде де үміт болды. Сол сәтте Президент көмек сұраған өтініштеріме жауап бергеніне қатты толқыдым және қатты таңғалдым. Енді жағдайымыз заң аясында дұрыс, әділ қаралады деп сенемін", - деді Руслан Шарафутдинов.

Бұл суретке Руслан Шарафутдинов 2021 жылға дейін анасымен бірге тұрған үй түсірілген. Қостанайдағы ауданы 90 шаршы метр болатын ғимарат бұрын оның атасы – анасының әкесіне тиесілі болған. Ер адамның айтуынша, олар атасы оны үлкен қызының атына жазғанын білмеген.

"Тәтем, атамның үлкен қызы, 1976 жылы Қостанайдан Ресейге кеткен, содан бері жоқ. Бізде оның шекарадан өтпегені туралы көші-қон қызметінің жауаптары бар. Бірақ, әйтеуір, 1984 жылы оған үй беру шарты жасалған екен. Менің тәтемнің өзі Қостанайда жоқ еді. Құжаттарға сәйкес, ол сыйлықты қабылдамаған. Бұл туралы үйді сату бойынша мәміле жасалған кезде білдік", - деді Руслан.

Тоқаевқа үйінен айырылып қалғанын айтқан қостанайлықтың мәселесіне сот пікір білдірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram