08 қараша 2021 | 09:24

Өзбекстан әрекеті Қазақстанда картоп пен ет қымбаттауына әкеледі - БАҚ

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© elements.envato.com

Өзбекстан азық-түлік бағасының өсуіне байланысты осы саланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді шаралар қабылдап жатыр. Соның бірі - импортты ынталандыру. Ташкенттің бұл әрекеті Қазақстандағы бірқатар өнімнің қымбаттауына әкеледі. Бұл туралы ElDala басылымының мақаласында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан азық-түлік бағасының өсуіне байланысты осы саланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді шаралар қабылдап жатыр. Соның бірі - импортты ынталандыру. Ташкенттің бұл әрекеті Қазақстандағы бірқатар өнімнің қымбаттауына әкеледі. Бұл туралы ElDala басылымының мақаласында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қарашадан бастап "Узбекистон темир йуллари" компаниясы ("Өзбекстан темір жолдары") республика станцияларына дейін 114 түрлі шикізат импортына 25 пайыз мөлшерінде жеңілдіктер енгізді. Тауарлардың ішінде қарақұмық, тары, түрлі тұқымдар, какао бар. Бұл шара елдің қайта өңдеушілерін қолдайды деп жоспарланып отыр.

Қазанның аяғында өзбек сенаторлары мұздатылған балық, картоп, ет (сиыр еті, қой еті, тауық еті), сондай-ақ, мал еті (ірі қара-мал және құс) кіретін азық-түлік тауарларының кең тізбесін елге жеткізуге қосылған құнға салынатын салықты алып тастауды мақұлдады. Сонымен қатар, сәуірде күнбағыс, зығыр, соя және өсімдік майы тұқымдарының импортына қосылған құнға салынатын салығын алып тастады.

Реклама
Реклама

Басылым Өзбекстан үшін Қазақстан ет, мал және картоптың негізгі жеткізушісі екенін жазды. 2021 жылдың жеті айында Өзбекстан картоптың рекордтық көлемін, 310 мың тоннаны импорттады, оның 85 мың тоннасы Қазақстаннан жеткізілген.

Мақалада қазір фермерлер картопты сатып алушыларға килограмы 150 теңгеден сататыны, ал сауда желілерінде ол 200-250 теңгеден сатылатыны айтылды.

Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикадан мал басының экспорты мен ет импортына назар аударды, бұл бағаның өсуіне әсер етеді. Оның айтуынша, малды жаппай әкетуге жол берілмейді, өйткені Қазақстанның өзі әлі ішкі нарықты сиыр етімен қамтамасыз ете алмайды.

"Салада мал басын, соның ішінде субсидияланған мал басын жаппай шығару байқалып жатыр. 2021 жылы ірі қара малдың экспорты 139 мың бас болған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18 есе өскен. Қуантарлық жайт емес. Себебі сол кезеңде ет импорты 45 пайызға өсті. Мемлекеттік саясаттың мәні не? Мал әкетіп, ет әкелеміз!" - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Үкіметке жылдық инфляцияны 8,5 пайыздық деңгейден төмен ұстап тұру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, ал 2021 жылдың тоғыз айында ол 8,9 пайыз болды. Бұл ретте құс еті - 18 пайызға, картоп - 22 пайызға, күнбағыс майы - 30 пайызға қымбаттады.

"Алайда Өзбекстанда импортты ынталандыру бойынша қабылданған шаралар аясында Қазақстаннан осы бағытта азық-түлік жеткізілімі де өсетіні анық. Бұл бағаға, Президент тапсырмасының орындалуына әсер етеді", - деп қорытындылады автор мақалада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная