Өзбекстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Қазақстаннан озды

Өзбекстан COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша Қазақстаннан озды Фото: Ташкент облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Өзбекстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қазақстаннан озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қазақстаннан озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылы 15 сәуір 22:30-дағы жағдай бойынша, Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны - 1302", - делінген республикалық Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналында. 

Ведомство мәліметінше, Өзбекстанда 14 сәуірде коронавирус жұқтырудың 167 жаңа дерегі тіркелген. Бұл тәулігіне вирус жұқтыру дерегі бойынша елдің рекорды саналады. 

Жарнама
Жарнама

Өзбекстанда коронавирустан жазылғандар саны 107-ге жетті, 4 адам қайтыс болған.  

Ал Қазақстанда, соңғы мәліметтер бойынша, 1295 адам вирус жұқтырған, оның 240-ы жазылған және 16 адам көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама