28 қараша 2018 | 12:03

Өзбекстан Өлий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері: "Мен бұл қалаға ғашық болдым"

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Өзбекстанның Өлий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоиловпен кездесті, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Өзбекстанның Өлий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоиловпен кездесті, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өзбек парламентарийі іссапармен Астанаға алғаш рет келгенін айтып, Қазақстан астанасының даму деңгейіне жоғары баға берді. "Бұл - әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі. Ол жоғары деңгейдегі жайлылыққа қол жеткізген, - деді Исмоилов Астана әкіміне. - Сіздердің Президентіңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшілдігінің арқасында осы қала салынды. Ол енді маған да ұнайды. Мұндай әдемі қалаға жел де, аяз да кедергі келтіре алмайды", - деді сөзін жалғастырған Өзбекстанның Өлий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері.

Реклама
Реклама

Нурдинжон Исмоилов Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласынан алған үлкен әсерімен Астана әкімі Бақыт Сұлтановпен бөлісті. "Өте пайдалы мақала. Біздің келер ұрпақ Ұлы даланың тарихын білуі керек", - деді Исмоилов. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның екі жақты қарым-қатынасы жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын атап өтті.

Соңғы кездері елдер арасындағы сауда-экономикалық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Айта кетейік, 9 айдың ішінде екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткен. Бұл 2017 жылдың бір жылдық табысымен бірдей. Астана әкімі 2017 жылы Астана мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 288 миллион АҚШ долларын құрағанын айтты. Оның ішінде экспорт - 174 миллион АҚШ доллары, импорт - 114 миллион доллар.

"Астанада біздің сауда қарым-қатынасымыздың өсуіне лайықты өте ыңғайлы жағдай жасалған", - деді Бақыт Сұлтанов. Қала әкімі екі ел үкіметінің көлік-логистика инфрақұрылымы мен қуаттылықтарды дамытуға қатысты қабылдаған шаралар таяу арада екі жақтың да тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта түсетініне сенім білдірді. Ол сондай-ақ, Ташкенттің Астананың ең бірінші серіктесі болғанын, осы жылы екі ел астанасының арасында сауда-экономика, ғылыми-техника және мәдени әріптестік туралы уағдаластыққа қол қойылғанына 20 жыл болғандығын хабарлады.

"Әріптестігіміздің беріктігін есепке ала отырып, Астана мен Ташкент арасындағы қарым-қатынасты бауырластыққа дейін көтеру мәселесін қарастыруды жөн деп санаймын", - деді Астана әкімі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная