Өзбекстан президенті Мирзиеев Астанаға келді

© primeminister.kz

Бүгін Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевті қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар мәртебелі мейманды ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, Қазақстанның ӨР-дағы елшісі Е. Өтембаев қарсы алды. 

Реклама
Реклама

© primeminister.kz

Бұл Шавкат Мирзиеевтің Өзбекстан Республикасының Президенті ретіндегі Қазақстанға алғашқы ресми сапары.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізеді, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная