Өзбекстан президенті Назарбаевты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

?збекстан президенті Н?рс?лтан Назарбаев?а ?о?ырау со?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың  одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысы Сербия Республикасының президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті. Сербия президенті де Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама