19 қазан 2023 | 12:27

Өзбекстанда нан Қазақстанға қарағанда неге арзан? Сауда вице-министрі жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
pressfoto/Freepik

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевқа Өзбекстанда ұн мен нан Қазақстанға қарағанда неге арзанырақ деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевқа Өзбекстанда ұн мен нан Қазақстанға қарағанда неге арзанырақ деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Неге біз өз елімізде өсіріп, ұн өндірсек те, нанды қазақстандық бидайдың негізгі импортшысы болып табылатын Өзбекстаннан да қымбатқа аламыз?" – деп сұрады журналистер Сенат кулуарында.

Сауда вице-министрі сұраққа жауап беру үшін "Өзбекстан наубайханаларының шығыны мен қазақстандық наубайханалардың шығынын қарау керек" деп түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Бұл жерде әрбір кәсіпорынның экономикалық негіздемесі қамтылған. Яғни, қандай да бір өнім шығарған кезде ел ішіндегі барлық шығын есептеледі: электр энергиясы, салықтар және басқа шығындар қарастырылады. Бірдей заттарды салыстыру керек, Қазақстандағы нан сапасы жағынан Өзбекстандағымен бірдей ме? Сондықтан бұл жерде мәселе өте күрделі", - деп түсіндірді Қайрат Төребаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная