Өзбекстанға баратын туннель және заңсыз МӨЗ: Қазақстаннан жарнармай шығару схемалары әшкереленді

Өзбекстанға баратын туннель және заңсыз МӨЗ: Қазақстаннан жарнармай шығару схемалары әшкереленді Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстаннан отынды заңсыз шығарудың бірнеше ірі схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстаннан отынды заңсыз шығарудың бірнеше ірі схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жыл басынан бері ҚМА Ішкі істер министрлігімен және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, ел аумағынан жанар-жағармайды заңсыз шығарудың 712 әрекетіне тосқауыл қойғаны хабарланды. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасы фактілері бойынша 8 сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Заңсыз МӨЗ бірнеше жыл бойы жұмыс істеген

Жарнама
Жарнама

Ірі бұзушылықтардың бірі Маңғыстау облысында анықталды. ҚМА деректері бойынша, мұнда 2022 жылдан бері 28,5 мың тоннадан астам есепке алынбаған мұнайды өңдеген заңсыз шағын мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп келген.

Ведомствоның хабарлауынша, өндірілген өнім кейіннен мазут түрінде шетелге шығарылып отырған.

Бензин контрабандасы тоннель арқылы жүзеге асырылған

Түркістан облысында Өзбекстанға бензинді контрабандалық жолмен шығаруды.

ҚМА мәліметінше, қаскөйлер отынды заңсыз өткізу үшін мемлекеттік шекараның астынан қазылған, арнайы жабдықталған тоннельді пайдаланған.

Аталған іс бойынша кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қырғызстанға 37 миллиард теңгенің бензині шығарылған

Сонымен қатар Қырғызстанға АИ-92 бензинін контрабандалық жолмен тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталған.

Тергеу мәліметтері бойынша, заңсыз экспортталған отынның жалпы көлемі 190 мың тоннадан асқан, ал оның құны 37 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланып отыр.

Кезекті тасымалдау әрекеті кезінде Түрксіб станциясында жалпы көлемі 500 тоннаға жуық бензині бар сегіз теміржол цистернасы ұсталды.

Құны 138 миллион теңге болатын тәркіленген отын мемлекет пайдасына алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейтуді және мұнай өнімдерін заңсыз шығаруға жол бермеу шараларын қабылдауды, сондай-ақ ЖЖМ өндірісі, қоры мен тұтыну теңгеріміне тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырған болатын.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама