13 қазан 2017 09:12

Өзбекстанға мұнай құбырын салу жоспарланып отыр - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары аясындағы келіссөздерді қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары аясындағы келіссөздерді қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың жоспары белгіленді. Елдеріміздегі цифрландыру мәселесіне қатысты перспективалы бағыттарды айқындадық. Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында осы салада бірлесе жұмыс жүргізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстанда цифрландыру мәселелері жөнінде кездесу өткізу жоспарланғанын айтты.


© akorda.kz

Бұдан бөлек Қазақстан Президенті германиялық бизнесмендермен өткен кездесудің нәтижелері туралы әңгімеледі. Онда Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын экономиканың түрлі салалары бойынша ілгерілету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен болған кездесудің маңыздылығына тоқталды.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас ең жоғары деңгейде. Байқоңырға қатысты бағдарламаны бірлесе іске асыру жөнінде уағдаластық. Сонымен қатар, Өзбекстанға мұнай құбырын салу жоспарланып отыр. Сол үшін тиісті жұмыс атқарылуы керек",– деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында Еуразия көлік дәлізін дамытуға байланысты Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін одан әрі пайдалану мәселесі де талқыланғанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети