17 наурыз 2022 | 13:59

"Өздері ойлап тапқан проблема". Жұманғарин қант дауы туралы айтты

Фото:elements.envato.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың қантты жаппай сатып алуына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың қантты жаппай сатып алуына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұманғарин елде қант тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, негізсіз дүрбелең салдарынан осындай проблема туды.

"Бұл бағаны жасанды көтеру емес, бұл адамдар өздері ойлап тапқан проблема. Әрине, бізде қанттың көп бөлігі биржада көрсетілген шикі қанттан өңделеді. Ол валютамен бағаланады және бағаның өсуі де байқалуы мүмкін. Алайда кейінгі аптадағы даудың еш негізі жоқ. Тағы да қайталап айтамыз, қант жеткілікті, оны мөлшерден тыс сатып алудың қажеті жоқ", - деді Серік Жұманғарин.

Реклама
Реклама

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі басшысының айтуынша, қант қорын сақтаған тәртіп бұзушылар анықталып, жазаланатын болады.

"Бұл мүлде дұрыс емес. Саналы адам мұндай іске бармайды. Агенттік қазір қант қорларын сақтап, бағаның өсуін күткендерді анықтап жатыр. Олардың барлығы жазаланады. Бұл бизнесмендер үшін дұрыс емес саясат", - деді Серік Жұманғарин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная