24 қараша 2022 | 12:43

"Өздері тергейді". Депутат азаматтық авиациядағы мүдделер қақтығысы туралы мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаты Талғат Мұсабаев әуе оқиғаларын тергеуді ТЖМ немесе халықаралық компанияларға беруге шақырды. Оның айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бұл саланы бақылау мүдделер қақтығысына алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Талғат Мұсабаев әуе оқиғаларын тергеуді ТЖМ немесе халықаралық компанияларға беруге шақырды. Оның айтуынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде бұл саланы бақылау мүдделер қақтығысына алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтық авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу жөніндегі мемлекеттік функцияларды Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкес келетін Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру қажеттілігі туралы Сенаттың дәлелденген және қолдаған ұстанымына қарамастан, бұл мәселе Үкімет тарапынан тыс қалды", - деді сенатор.

Ол қазір бұл мәселе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелгенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Алайда осы министрлік қарамағында азаматтық авиацияда ұшу қауіпсіздігін сертификаттауды, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мен авиациялық әкімшілігі жұмыс істейді. Яғни, сол мемлекеттік органның өзі сертификаттайды, өзі бақылайды және қадағалайды және өзін тексереді. Осыдан Үкімет мүдделер қақтығысын көрмей отыр.

Бұл ИКАО стандарттары мен ұсынылған тәжірибеге тікелей қайшы келеді. ИИДМ қызметінде тікелей мүдделер қақтығысының туындауынан басқа, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеудің тәуелсіздігі, объективтілігі, бейтараптығы мен толықтығы зиян шегеді. Көптеген мысал бар", - деді депутат.

Мұсабаев Үкіметті бұл мәселені мұқият зерттеп, тезірек қайта оралуға шақырды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев сенатор пікірімен келісті, бірақ мұны Төтенше жағдайлар министрлігіне тапсыру мәселені шешпейтінін айтты.

"Себебі ТЖМ өздері әуе қозғалысының қатысушысы. Оларда Казавиаспас бар, оларда ұшу аппараттары, ұшақтар мен тікұшақтар бар. Олардың өзі де кейде осы басқарма зерттейтін оқиғалардың қатысушысы болады. Біздің министрлікте бұл бөлім осы бағытты қадағалайтын вице-министрге де, комитет төрағасына да, авиация әкімшілігіне де бағынбайды, тек министрге тікелей бағынады және бұл бөлімге ешкімнің тапсырма беруге құқығы жоқ. Бұл ИКОА талаптары аясында әдейі жасалған", - деп түсіндірді министр.

Мұсабаев балама ретінде әуе оқиғаларын тергеуді осы саладағы беделді мамандар мен сарапшылар кіретін ТМД елдерінің Халықаралық авиация комитетіне (ХАК) беруді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная