25 маусым 2021 | 14:55

Өздері ұсынды - Сағынтаев қызмет көрсету саласындағы міндетті вакцинация туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Қызмет көрсету саласында міндетті вакцинация нормасын рестораторлар ұсынды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызмет көрсету саласында міндетті вакцинация нормасын рестораторлар ұсынды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наурызда қызмет көрсету саласында екі апта бойы шектеу жарияланды. Кейін бүкіл рестораторлар "бізге жұмыс істеуге рұқсат етсеңіз, барлық қызметкер вакцина алады" деп ұсыныс жасады. Сондықтан, егер ондай шешім қаулымен қабылданса, менің ойымша, оларда ешқандай қарсылық болмайды. Өйткені өздері осындай бастама жасады", - деді Алматы әкімі.

Ол Алматыда вакцинация қарқынды жүріп жатқанын айтты. Күніне 8-9 мың адам вакцина алады, бұрын 5-6 мың болған. Оның айтуынша, 403 мың адам (402 978 адам) вакцина салдырған. Ұжымдық иммунитет 34 пайызға бағаланады (вакцина салдырғандар саны - қала халқының 24 пайызын және ауырып жазылған адамдардың 10 пайызы).

Реклама
Реклама

Бұған дейін ол Алматыда үнді штамына байланысты жаңа қаулы шығатынын мәлімдеген болатын. Алайда локдаун енгізілмейтінін, тек белгілі бір шектеу шаралары болатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная