Өздерін сайлаушылар тізімінде таппаған азаматтар Семей прокуратурасына шағым түсірді

©Тұрар Қазанғапов

Өздерін сайлаушылар тізімінде таппаған азаматтар Семей прокуратурасына шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковке сілтеме жасап.

Семей қаласының прокуратурасына ерлі-зайыпты Карпухиндерден шағым келіп түсті, олар шағымдарында тұрғылықты мекен-жайы бойынша сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімінде өздерінің табылмағанын айтқан. Олардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәлелдер келтірігеннен кейін оларға дауыс беру мүмкіндігі беріліп, олар сайлауға қатысуға конституциялық құқығын пайдаланды", - деді Сүйіндіков ОСК баспасөз мәслихатында. 

Ол Карпухиндердің сайлау тізіміне неліктен қосылмағаны анықталып жатқанын қоса айтты. ҚР Бас прокуратурасындағылар сайлау заңнамаларының бұзылғаны жайлы шағым түспегенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама