ПОДЕЛИТЬСЯ
25 шілде 2021 | 10:19
"Өздігінен дем алмайды". Нұр-Сұлтан КВИ-стационарларындағы ахуал көрсетілді
Нұр-Сұлтан КВИ-стационарларында түсірілген видеолар пайда болды. Олар елорда әкімдігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтан КВИ-стационарларында түсірілген видеолар пайда болды. Олар елорда әкімдігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Бір жарым жылдан астам уақыт бойы COVID-19-бен күресіп келе жатқан елордалық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды көрсетті.
Кадрлардың бірінде әрең дем алып жатқан ер адамның кеудесі көрсетілген. Пациенттің өздігінен дем ала алмай, арнайы аппаратқа қосылғанын көруге болады.
Тағы бір видеода кадр сыртда тұрған медициналық қызметкер палаталарда 3-4 адам бар екенін, "аппараттар шуылы миға сіңіп үлгергенін" айтады.
Елордалық әкімдік зейнеткер Мадина С.-ның сөзін келтірді, ол жұбайымен бірге "босаңсып", қауіпті вирусты ұмытып кеткенін мойындады.
"Жұбайым екеуміз қауіпсіздік шараларын сақтап жүргенде бәрі жақсы болатын. Құрметті азаматтар! Мен сіздерді коронавируспен ауырған адам ретінде бұл ауруға жүрдім-бардым қарауға болмайтынын ескертемін. Вирустық инфекция өте қауіпті. Қорқатындай-ақ қауіпті! Енді жұбайым екеуіміз ем алып, осы ауруханада жатырмыз", - деп қорытындылады 68 жастағы Мадина С.
Инфекциялық стационарға қайта бейінделген Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері Айнұр Омарова қала тұрғындарына үндеу жолдап, инфекцияның қауіптілігін еске салды.
"Жағдайдың ауыр екенін алдыңғы шепте күресіп жүрген бізден естігендеріңізді қалаймын. Ауыр науқастар көп, реанимациялық төсектің біреуі де бос емес. Індет жұқтырған балалар көп. Өз денсаулығыңды, өзгелердің денсаулығын қорғаудың жолы - санитарлық нормаларды сақтау және вакцинация. Вакцинация ғана аурудың ауыр күйінен және ИВЛ аппаратынан қорғайды. Вакцинация сізді де, айналаңыздағы жандарды да сақтайды", - дейді дәрігер.
Нұр-Сұлтанда кейінгі тәулікте 1501 адамнан коронавирус анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также