Өзен арнасынан асты: Алматы облысында ондаған тұрғын эвакуацияланды

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Өзен арнасынан асты: Алматы облысында ондаған тұрғын эвакуацияланды Видеодан алынған кадр

Алматы облысында құтқарушылар 58 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ сілтеме жасап.

Алматы облысында құтқарушылар 58 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратынша, нөсер салдарынан Түрген өзенінде су деңгейі күрт көтеріліп, Түрген - Ассы автожолының жекелеген учаскелерін су шайып кетті.

Су басқан киіз үйлер мен аулалар

Жарнама
Жарнама

Су басқан аймақта 17 киіз үй орналасқан. Сонымен қатар "Водник" бау-бақша серіктестігіндегі төрт аула аумағын су басты.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ құтқарушылары 58 адамды, оның ішінде 21 баланы және 8 шетел азаматын эвакуациялады. Эвакуацияланған азаматтар үшін ТЖМ-нің вахталық көлігі ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Салдарды жою жұмыстарына жалпы ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің 300-ге жуық жеке құрамы мен 44 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама