Өзен жаққа кетуі мүмкін: Атырауда 14 жастағы оқушы іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Атырауда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда 14 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі жазба

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Атырауда 1 желтоқсанда кешке жоғалып кеткен 14 жастағы Бақтыгерейді іздеу жұмыстары басталған. Қыз үйінен кіші інісімен бірге шыққан, бірақ мектепке бармаған.

Реклама
Реклама

Басылымдардағы мәлімет бойынша, бейнебақылау камераларына қыздың інісімен бірге үйден шыққан сәті түсіп қалған.

"Кейбір деректерге сүйенсек, олар кейін бөлініп кеткен: ұл мектепке кеткен, ал қыз өзен жаққа қарай бағыт алған. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз", - деп жазады БАҚ.

Полиция не дейді?

Біз жағдайға қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметінен пікір алдық. Онда қызды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын растады.

"1 желтоқсанда 2011 жылы туған кәмелетке толмаған қыз сабаққа кеткен, бірақ үйіне оралмаған. Жоғалып кеткен күні үстінде қара күртеше, көк шалбар, ақ аяқкиім болған, қолында қоңыр сөмкесі бар. Қазіргі уақытта ауқымды іздестіру шаралары жүріп жатыр", — деп хабарлады Атырау облысы ПД.

Қыздың қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне хабарлау сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама