ПОДЕЛИТЬСЯ
21 мамыр 2024 | 10:31
"Өзіміз отырып, шай ішейік". АҚШ елшісі көпшілікті сүйсіндірді
Халықаралық шай күніне арналған қысқа видео әлеуметтік желілерде танымал болды. Видео АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Instagram-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Tengri Life.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық шай күніне арналған қысқа видео әлеуметтік желілерде танымал болды. Видео АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Instagram-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Tengri Life.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2019 жылғы желтоқсанда өзінің қарарымен 21 мамырды Халықаралық шай күні (International Tea Day) деп жариялады. Біздің елде шай ең танымал сусын саналады.
Қысқа бейнероликте АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Астанада қонақтарды қалай қарсы алғаны, содан кейін іскерлік кездесуден кейін шығарып салғаны көрсетіледі. Әрі қарай ол еліміздің кез келген азаматына түсінікті сөз тіркесін айтады.
"Ал енді өзіміз отырып, шай ішейік", - дейді Дэниел Розенблюм күлімсіреп.
Елшілік Қазақстанда шайдың жай сусын емес екенін атап өтті.
"Бұл қонақжайлылық, достық пен дипломатияның символы. Халықаралық шай күні құтты болсын!" – деп құттықтады елшілік.
Жазбаға қазақстандықтар түрлі пікір қалдырып, бұл жақсы үрдіс екенін айтқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также