15 сәуір 2024 | 12:04

"Өзін ауылдың жігіті ретінде көрсетеді" - Бишімбаев Байжанов туралы

Фото: Соттың баспасөз қызметі

Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев өзін екінші сотталушы Бақытжан Байжанов бопсалағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол айғақ беруді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев өзін екінші сотталушы Бақытжан Байжанов бопсалағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол айғақ беруді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың айтуынша, Байжанов одан Нүкенова жатқан VIP-залға кіргені туралы айтпауды сұрайды. Олай болмаған жағдайда, Байжанов Бишімбаевты бұрын берген қаржылық құжаттарды қайтармайтынын айтып, қорқытқан-мыс.

"Осы жерде ол өзін ауылдың жігіті ретінде көрсетеді. Шын мәнінде осы уақыт бойы ол менен сол пәтерді талап етіп, қаржылық құжаттарды бермей, бопсалап жүр. Ол: "Мен сұрағаннан басқа куәлік берсеңіз, мен сізге ол қаржылық құжаттарды қайтармаймын", дейді. Оның үстіне бұрынғы әйеліммен келісіп, көлік ұрлады", - деді Бишімбаев.

Реклама
Реклама

"Сотталушы Бишімбаев, бұл шектен шығады. Сіз өз ұстанымыңызды түсіндірдіңіз, отыруды сұраймын. Егер сотпен тағы сөзге келсеңіз, мен сізді сотты құрметтемегені үшін залдан шығаруға мәжбүр боламын. Сізге түсінікті ме? Отыруды сұраймын", - деді судья Айжан Кулбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная