Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың салығы үшін бюджет 11 миллиард теңге жоғалтады - Министрлік
Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі нәтижесінде бес жылда шамамен 11 миллиард теңге бюджетке түспей қалуы мүмкін. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі нәтижесінде бес жылда шамамен 11 миллиард теңге бюджетке түспей қалуы мүмкін. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бюджетке түспей қалуы мүмкін салықтар бойынша есептеулер, алдын ала болжамдар жасалды.
"Оңайлатылған мағлұмдама бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер бірден бірыңғай жиынтық төлемге өте алады. Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, ондай 61 880 адам бар. Бюджетке шамамен 2 миллиард теңгенің түспей қалатынын республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады.
Бірыңғай жиынтық төлем режимі енгізілген 5 жылда - ол 2019 жылы 1 қаңтарда енгізіледі, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін - бюджет шамамен 11 миллиард теңге жоғалтады, бірақ, БЖТ жүйесіне қатысатын адамдардың әлеуметтік кепілдіктің барлығына қолы жететін болады", - деді Жақыпова.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізуді тапсырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова тиісті заң қабылданғаннан кейін кімнің және қанша төлейтінін айтты.
Министрліктің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың категориясы толықтай зейнетақымен қамсыздандырылады, жоғарылатылған көлемде базалық зейнетақы алу мүмкіндігі пайда болады, ол еңбек өтілінің есепке алынуымен байланысты. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ММС енгізілгеннен кейін толық көлемде медициналық қамсыздандыруға қол жеткізе алады. Бұл да әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан төлем жасауды қамтамасыз етеді.