10 қаңтар 2022 11:10

Паблик әкімшісі митинг туралы жазба жариялағаны үшін 30 күнге қамалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті пабликтердің әкімгері өз парақшасында митингке шақырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті пабликтердің әкімгері өз парақшасында митингке шақырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл қалалық сотының үкімімен жергілікті пабликтердің бірінің әкімгері төтенше жағдай режимінде қоғамдық тәртіпті бұзуға арандатқаны үшін 30 тәулікке қамауға алынды.

"Ол Instagram әлеуметтік желісінде экстремистік ұйымның іс-әрекетін насихаттап, митингке шақырған жазба қалдырған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттер үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтардан саналылық және жауапкершілік танытуды сұраймыз. Барлық қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде уақытша шектеулер, ең алдымен, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған", - дейді СҚО коменданты, ПД бастығы Марат Төлебаев.

СҚО полиция департаментінде төтенше жағдай кезінде шектеу шаралары мәселелері бойынша азаматтар CALL-орталығының 8 7152 61-25-42 телефонына хабарласа алады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері күдікті тұлғалар, деректер, сондай-ақ төтенше жағдай режимін бұзу туралы "102" арнасына хабарлауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram