Пакеттегі алтын және күштік құрылым қызметкерлері: ҚМА ауқымды арнайы операция видеосын көрсетті

Пакеттегі алтын және күштік құрылым қызметкерлері: ҚМА ауқымды арнайы операция видеосын көрсетті Бейнеден алынған кадр

Абай облысы Жарма ауданының аумағында бағалы металдарды заңсыз өндіру қызметінің жолы кесілді. ҚМА ауқымды арнайы операцияның видеосын көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Абай облысы Жарма ауданының аумағында бағалы металдарды заңсыз өндіру қызметінің жолы кесілді. ҚМА ауқымды арнайы операцияның видеосын көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Заңсыз өндіру"

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш учаске анықталды.

Жарнама
Жарнама

"Заңсыз қызмет топырақ жамылғысының ауқымды бұзылуына, соның ішінде құнарлы қабаттың сыдырылуына ұласты. Алтын түстес металл, жуу жабдықтары, арнайы техника мен автокөліктер тәркіленді", - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Қазіргі уақытта оған қатысы бар барлық тұлға, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі мен келтірілген шығын мөлшері анықталып жатқаны нақтыланды. Тергеу жалғасып жатыр. Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тағы оқыңыз: Өзбекстанға баратын туннель және заңсыз МӨЗ - Қазақстаннан жанармай шығару схемаларының беті ашылды

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама