Пәкістанда өндірілген шай құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды

П?кістанда ?ндірілген шайлар ??рамында пайдалану?а тыйым салын?ан синтетикалы? боя?ыштар аны?талды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р Денсаулы? са?тау министрлігі ?о?амды? денсаулы? са?тау комитетіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Пәкістанда өндірілген шайлар құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстанның тұтынушылық нарығында Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (021/2011 КО ТР) және "Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері" (КО ТР 022/2011) және "Тамақ қоспаларының, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" (КО ТР 029/2012) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін Пәкістанда шығарылған шайдың сатылу фактісін анықтады.

"Пәкістанда өндірілген мына: "Al Barkat" ("AA Mughal General Traders" өндірілген), "Gajjal's Теа" (KPK "Gajjal's» өндірілген), "Allama" ("MTI medical Pvt" өндірілген), "Pac Tea" (Zaib-un-Nisa street Sadar Karachi өндірілген) және Allied Tea шайлар құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар (Солнечный закат E 110 және тартразин E102) анықталды. Бұдан басқа "Al Barkat" шайының құрамында зең нормадан 10 есе, Gajjal's Теа шайында 2-4 есе жоғары", - деп хабарлады комитеттегілер.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ,  Пәкістанда өндірілген шай таңбалануы бойынша сәйкес келмейді: дайындалған күні, өндірушінің атауы және орналасқан жері, EAО айналымының бірыңғай белгісі жоқ.

Комитет Пәкістанда шығарылған сәйкес келмейтін шайды алу және жою, оны әкелуге және сатуға тыйым салу жөнінде уақытша санитариялық шараларды енгізу бойынша шаралар жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама