ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2022 | 16:23
Пәкістан премьер-министрі министрлер кабинеті мен парламентті таратты
Пәкістан премьер-министрі Имран Хан министрлер кабинетін таратып жіберді. Бұл туралы ақпарат және телерадио хабар таратудың мемлекеттік министрі Фаррух Хабиб мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Премьер-министр Конституцияның 224-бабына сәйкес міндеттерін орындауды жалғастырады. Министрлер кабинеті таратылды", - деп жазды министр Twitter-де.
Жексенбіде Пәкістан премьер-министрі Имран Хан президентке парламентті таратуды ұсынған болатын. Ол мәлімдемесін парламенттің бүгінгі отырысына төрағалық еткен Ұлттық ассамблеяның вице-спикері Касим Сури премьер-министр Имран Ханға сенімсіздік білдіруді қабылдамай, оны Конституцияның 5-бабына қайшы деп атағаннан кейін жасады.
"Ешқандай шетелдік күштің сайланған үкіметті қастандық арқылы құлатуға құқы жоқ", - деді Ұлттық ассамблеяның вице-спикері Касим Сури.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также