Палестина президенті Тоқаевқа алғыс айтты

Сұлу Бөлек Корреспондент
t.me/bort_01

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президентімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.

"Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен кездесті. Олар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама