17 ақпан 2021 | 08:13

Пандемиядан кейін қалыпты өмірге жеті жылдан соң ораламыз - сарапшылар

Фото: © Reuters

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев пандемиядан кейін қалыпты өмірге оралу жеті жылдан кейін болады деп есептейді. Оның айтуынша, вакцинаны өндіру және тарату біркелкі жүрмей жатыр. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев пандемиядан кейін қалыпты өмірге оралу жеті жылдан кейін болады деп есептейді. Оның айтуынша, вакцинаны өндіру және тарату біркелкі жүрмей жатыр. Бұл туралы Atameken Business телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде вакцинациялау қарқыны бойынша жетекші ел Израиль болып тұр, онда халықтың шамамен 40 пайызы вакцина салдырды. Келесі - Ұлыбритания. Үшінші орында - АҚШ.

Дамушы елдердің көбі әлі вакцинациялауға кіріскен жоқ, деп атап өтті Досаев. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 13 мыңнан аса адам вакцина салдырды.

Реклама
Реклама

"Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, вакцинацияның қазіргі қарқынымен әлем халқының 75 пайызын қамту және қалыпты өмірге қайтару үшін жеті жылдан аса уақыт қажет болады. Жаһандық қор нарықтары қаңтарда пандемияның қайта өршуі мен вакцина таратылуының кешігуіне байланысты экономика баяулауы мүмкін деген қорқынышпен төмендеді", - деп мәлімдеді Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная