Пандемияға байланысты қазақстандық мектептер жұмыс режимін өзгертеді

Фото:elements.envato.com

Енді оқушылардан COVID-19 анықталса, сыныпты толығымен карантинге жібереді. Ал мектептер штаттық режимге көшкен күннің өзінде әр ата-ана баласын қашықтан оқытуға құқылы. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа оқу жылына қатысты бірнеше санитарлық талап қойды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Санитарлық ережеге сәйкес, 2021 жылдың қаңтарына дейін мектептерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, спорттық додалар өткізуге тыйым салынған. Егер сырқаттардың қатары тұрақты түрде кеми берсе, оқу аралас форматқа ұласады.

"Бір онлайн сабақтың ұзақтығы әр сынып үшін әртүрлі. Мектепалды және 1-сынып оқушыларына 15 минуттан аспауы тиіс. 2-3-сыныптарда 20 минуттан, 4-5-сыныптарда 25 минут көлемінде болуы керек. 9-11 сыныпта 30 минуттан аспауы міндетті.

Жасы 65-тен асқан және қауіп тобындағы педагогтарға оқушыларды оффлайн қалыпта оқытуға құқығы жоқ. Ата-аналар санитарлық талаптарға қатысты толық мәліметпен Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан таныса алады", - деп келтіреді телеарна министрліктің талаптарын.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама