08 қазан 2020 | 19:20

Пандемияның екінші толқыны: Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қандай шаралар әзірленді?

Сурет: elements.envato.com

Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешімдер қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешімдер қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдеріне сілтеме жасап.

Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирустық пандемияның екінші толқынына дайындық мәселелері жөніндегі биылғы 7 қазандағы кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша нақты шаралар әзірленді.

"Кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы қаза тапқан 182 медицина қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ қызмет атқару кезінде COVID-19-бен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлеу бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктеріне, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне медицина қызметкерлерінің қаза болу фактілері бойынша өтемақы төлеуді үстіміздегі жылдың 13 қазанында аяқтауды тапсырамын. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 17 қазанда өңірлік комиссияларда өтінімдері қаралған кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде ауырған дәрігерлерге өтемақы тағайындауды аяқтауды қамтамасыз ету қажет", - деді Тоғжанов.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП - мен және отандық тауар өндірушілермен талқылау қорытындысы бойынша қорғаныш маскаларына 40 теңге, бір реттік медициналық маскаларға 60 теңге мөлшерінде шекті бөлшек сауда бағасын белгіледі.

Сондай-ақ, Е.Тоғжанов жауапты мемлекеттік органдарға бизнес-қоғамдастықпен, салалық қауымдастықтармен бірлесіп, халыққа қызметтің қолжетімділігін арттыру үшін үш күндік мерзімде ПТР тестілеу бағасын төмендету мәселесін пысықтап, Ведомствоаралық комиссияның келесі отырысына келісілген ұсыныстарды шығаруды тапсырды.

Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары бір апта мерзімде өңірлерде ПТР тестілеуді біркелкі өткізуді қамтамасыз етуді, карантиндік режимді бұзушылықтарды, оның ішінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында анықтау бойынша мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне тұрақтандыру қорларындағы дәрілік заттар резервінің көлемін ұлғайту тапсырылды.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және инфекция ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында Ведомствоаралық комиссия Saqbol мобильді қосымшасын енгізуді мақұлдады.

Қосымша тегін, жеке деректерді таратпайтын жасырын болып табылады, жұқтырған адамдармен байланыс туралы азаматтарды уақтылы хабардар етуге мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар басқа да тапсырмалар берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram